Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалы болған бала: Қырғызстанда сегізінші сынып оқушысы ана атанды

Опубликовано:

Қырғызстанда Талас қаласының мектеп оқушысы қыз баланы дүниеге әкелді. Жергілікті ІІБ-ның мәлімдеуінше, жас ана мен сәбиінің жағдайы жақсы деп хабарлайды kaktus.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Knews.kg
Фото: Knews.kg: UGC

3 мамыр күні сегізінші сынып оқушысы Талас қалалық перзентханасына жеткізіліп, қыз баланы босанған. №5 мектеп оқушысы мен баласының жағдайы қалыпты. Олар әзірге ауруханада жатыр.

Тергеушілер жаңа босанған жас анадан әлі жауап ала алмаған.

Талас ауданының Ішкі істер басқармасының айтуынша, олар оқиғаны өз бақылауына алған, оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1730126-balaly-bolgan-bala-kyrgyzstanda-segizinsi-synyp-okusysy-ana-atandy/

pixel