RU

Сирияда ресейлік жойғыш ұшақ құлап, екі ұшқыш қаза тапты

Сирияда ресейлік Су-30СМ жойғыш ұшағы құлады. Ұшақтағы екі ұшқыш та қаза болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Русская служба Би-би-сиге", сілтеме жасап хабарлайды.

Су-30СМ ұшағы. Фото: Marina Lystseva/ TASS
Су-30СМ ұшағы. Фото: Marina Lystseva/ TASS: UGC

Әскери мекеме ұшақтың құлатылмағанын алға тартты.

"Алдын ала болжам бойынша, әуе апатына ұшақ қозғалтқышына кіріп кеткен құстар себеп болған. Ұшаққа ешқандай оқ ату болмады", - делінген хабарламада.

"Ұшақтағы екі ұшқыш та оқиға орнында тіл тартпай кетті", - дейді елдің Қорғаныс министрлігі өкілі.

Ұшақ шамамен Мәскеу уақыты бойынша 09:45-те Жерорта теңізі маңында құлаған. Нәтижесінде Сирияда құлаған ұшақтардың саны жетіге жетті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730134-siriada-resejlik-zojgys-sak-klap-eki-skys-kaza-tapty.html