RU
Қостанай облысының тұрғыны өз жолдасын тірідей көміп тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанай облысының тұрғыны өз жолдасын тірідей көміп тастады

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысы тұрғыны бірге ішімдік ішкен жолдасын соққыға жығып, тірідей көміп тастаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанай облысының тұрғыны өз жолдасын тірідей көміп тасаған

Қостанай облысының тұрғыны өз жолдасын тірідей көміп тасаған

Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотына жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс түскен.

Ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша айыпталып отыр.

"Істің материалына сүйенсек, екі адам Рудный қаласындағы өндіріс ғимаратында ішімдік ішіп отырып, біреуі телефоны мен ақшасының жоғалғанын байқайды. Ол мұны бөтелкелес жолдасынан көріп, екеуі сөзге келіп, артынша төбелеседі.

Жанжал кезінде ер адам жолдасының басынан кем дегенде 23 рет ұрып, тепкілеген. Кейін зардап шегушіні металл арматурамен соққыға жығыпты.

Ер адам досының қансырап жатқанын көріп, өлді деп ойлаған. Сөйтіп, оны көліктің шөмішіне салып, Горняцкий ауылының шетіне шығарады. Кейін жылу трассасы бойына көміп тастаған", — деп жазады "Костанайские новости" порталы.

Соққыға жығылған ер адам тірі болған. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, ол үсіп жан тапсырыпты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
4
4
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel