RU
"Ол қызды танымаймын": Томирис Байсафаның өліміне күдіктілер бостандықта жүр
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

"Ол қызды танымаймын": Томирис Байсафаның өліміне күдіктілер бостандықта жүр

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде биіктен құлап, бірнеше күн өмір үшін күресіп жатып көз жұмған қазақ қызының өлімі беймәлім күйде қалуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Томирис

Скриншот: КТК

Бүгінге дейін тергеушілер болған оқиғаны Томиристің өзінен естіп білуге үміттенген. Алайда, аппаратқа қосулы жатқан отандасымыздың халі таңға жуық күрт нашарлап, жан тапсырды.

Бұл іс бойынша бір емес, екі бірдей дағыстандық жігіт күдікке ілінген болатын. Бірақ істі жүргізгендер екеуінен де ілік таппай жібере салған. Енді студент қыздың ажалына әкеп соқтырған аудиторияғы жағдай жұмбақ боп қалғалы тұр.

Мәскеудегі ең мақтаулы оқу орнының терезесінен Томирис Байсафаның құлап кетуі детективтегідей жұмбаққа толы боп тұр. Өйкені, іші-сырты құжынаған студентке толы ғимаратта «көрдім, білдім» деген ешкім жоқ.

Тек кейбір мәліметтер бойынша, қызды Магомед Котиев деген дағыстандық студент итеріп жіберген болуы мүмкін делінген. Алайда, онысы да көп кешікпей жоққа шықты.

"Қызды мен итеріп жіберген деген сөз тарап жатыр. Бірақ, олай емес. Оны бір-екі рет көргенім болмаса, мүлдем танымаймын. Есімін де білмеймін. Тіпті, құлаған кезде басқа жерде болғам", - дейді Магомед Котиев.

«Томиристі танымаймын» деп бұл жігіттің басын ала қашқаны сол еді келесі күдіктінің аты аталды. Дағыстанның бұрынғы Үкімет басшысының баласы Муртузали Меджидовті тергеушілер шақыртып алған. Өйткені, сол күні қыз бен жігіттің аудитория ішінде қызыл кеңірдек боп ұрысқанын студенттер көріпті.

Қазақ қызы мен дағыстандық бай баласының екі жыл жақын қарым-қатынаста болғаны да іске жан бітіргендей болған. Алайда, дағыстандық саясаткердің ұлы тек «куәгер» ретінде сұралып, іс сонымен бітті.

Ал оқу ордасы болса "оқыс жағдай" деген пікірді ұстанып отыр. Десе де, анасы болашағынан зор үміт күткен баласының өліміне біреудің қатысы барына сенімді.

"Отандасымыз Астана уақытымен бүгін таңғы сағат жетіде көз жұмды. Біздің дипломаттарымыз Мәскеуде қайтыс болған қыздың ата-анасының жанында таңертеңнен бері жүрді. Қазір олар марқұмның денесін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыру бойынша қажетті рәсімдерді жүргізуде. Біз осы жағдайда толықтай ат салысып, жақындарына көмек көрсететін боламыз", - дейді СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың мәйітін елге жеткізіп қана қоймай, тергеу ісіне де араласпақ. Алайда, әзірге айта қоярлықтай айғақ жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
5
22
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір