RU
"Қазір керемет болып жүрмін": Головкин бокстан қашан кететінін айтты
Жаңалықтар Әлемде

"Қазір керемет болып жүрмін": Головкин бокстан қашан кететінін айтты

Рассказать Вконтакте

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Power 106 радиосындағы The Cruz Show бағдарламасында кәсіпқой бокста әлі қанша уақыт жұдырықтасатынын айтты. Бұл туралы Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Головкин
"Болашақта ешкім болжай алмайды. Қазір өзімді керемет сезініп жүрмін. Қазір біраз белсендімін. Ары қарай да осылай қала бергім келеді. Білмеймін, мүмкін үш, төрт немесе бес жыл жұдырықтасатын шығармын. Оны ешкім білмейді. Кез-келген жекпе-жектің өз айырмашылығы бар", - деді Головкин.

Еске салайық, Головкин өзінің келесі кездесуін америкалық Ванес Мартиросянға қарсы Астана уақытымен 6 мамыр күні таңда АҚШ-тың Калифорния штатындағы StubHub Center спорт кешенінде өткізеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір