RU

Ауа-райы: Бүгін еліміздің кей өңірінде бұршақ жаууы мүмкін

4 мамыр күні еліміздің кей бөлігінде күн бұлтты болып, жауын жауады. Ал Қостанай мен Ақмола облыстарында бұршақ жаууы ықтимал деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауа-райы. Фото: Казгидромет
Ауа-райы. Фото: Казгидромет: UGC

Сондай-ақ , Ақмола облысында кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с күшейіп, кей жерлерде дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, бұршақ күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында желдің күшеюі 15-23 м/с-қа жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730165-aua-rajy-bgin-elimizdi-kej-irinde-brsak-zauuy-mmkin.html