RU
Ел тұрғындарының алты-ақ пайызы ғана күйзеліске ұшырамаған болып шықты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ел тұрғындарының алты-ақ пайызы ғана күйзеліске ұшырамаған болып шықты

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар ел тұрғындарының өмір сүру салтына зерттеу жүргізді. Нәтижесінде қазақстандықтардың алты пайызы ғана күйзеліске ұшырамаған, ал тек 24 пайызы таңертең ұйқысын қандырып тұратынын анықталған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: psixologicheskie-problemy

Көрнекі фото: psixologicheskie-problemy

"Лаборатория проектов" зерттеу компаниясы жүргізген сауалнамаға 18 бен 60 жас аралығындағы 310 қазақстандық қатысыпты.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 32 пайызы салауатты өмір салтын ұстанамын деп санайды. Респонденттердің жартысынан астамы, яғни 54 пайызы күйзеліске ұшырағанын айтқан. Ал 92 пайызы тамақтану әдетін өзгерту немесе күн тәртібін сақтау арқылы өмір сүру салтын түзетпек. 14 пайызы жаман әдеттерден арылғысы келеді екен.

"Сауалнамаға қатысқандардың 51 пайызы ұйқысы қанбайтынын немесе "жаман түс" көретінін айтып шағымданды. Респонденттердің төрттен бір бөлігі ғана ұйқысына қанағаттанады. Жауап берген әрбір төртінші адам соңғы айда дұрыс ұйықтау немесе өзін жақсырақ сезіну үшін дәрі-дәрмекке жүгінуге мәжбүр болыпты", — деп атап өтті зерттеу комитеті.

Уақытын қалай пайдаланатыны туралы сұраққа жауап берушілердің 56 пайызы күн тәртібін сақтап, күнделікті тапсырмаларын 70-100 пайызға орындайтынын айтқан.

Респонденттердің үштен бірі жоспарлаған шаруаларының жартысын ғана тындырып үлгереді, ал қалған 10 пайызы күнделікті жұмыстарының 20 пайызын ғана атқаратынын мойындады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel