RU
5 мамырда өтетін жекпе-жектен Головкиннің қанша пайдаға кенелетіні белгілі болды
Жаңалықтар Спорт

5 мамырда өтетін жекпе-жектен Головкиннің қанша пайдаға кенелетіні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Жерлесіміз 5 мамыр күні өтетін кезекті жекпе-жегінен "Канелоға" қарсы кездесуге қарағанда 10 есе аз пайда табатыны белгілі болды деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Головкин. Фото: Liter.kz

Головкин. Фото: Liter.kz
Source: UGC

Олардың кездесуі Астана уақытымен 6 мамыр күні таңда Карсон StubHub Center спорт кешенінде өтеді.

USA Today мәліметі бойынша, Мартиросянға қарсы кездесуде Головкин екі миллион мен үш миллион доллардың көлемінде табыс табады.

Өйткені, оның жекпе-жегі НВО арнасында ақылы жүйе арқылы емес, тегін көрсетілетін болады. Бұған дейін ESPN Deportes басылымының тілшілері Головкин мен Альварес арасындағы кездесу өтпейтініне байланысты 250 мың доллардан айырылғанын жазып еді.

Айта кетейік, Головкин негізі Канело Альвареспен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда Канело допингпен ұсталып, спорттан уақытша шеттетілді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
3
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel