RU
Акулаға жем бола жаздаған адам жыртқышқа алғысын айтты (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Акулаға жем бола жаздаған адам жыртқышқа алғысын айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Отбасымен Калифорнияға демалуға аттанған Юджин Финни акулананың арқасында денесіндегі қауіпті ауруды білді деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Юджин Финни

Юджин Финни

Белгілі болғандай ер адам таңертең шомылу үшін балаларымен мұхитқа барады. Жүзіп жүрген Юджинге аяқасты акула тап береді.

Денесін бірнеше жерден тістегенмен, ер адам өз күшімен жыртқыш балықтан сытылып үлгереді. Медбикелер ауруханаға жеткізілген Юджиннің терісін тігіп, кейін оған толық медициналық қаралымнан өтуіне ұсыныс жасайды.

Дәрігерлер кездейсоқ ер адамның бұрыннан бүйрегінде өміріне қауіпті ісік барын анықтайды. Ал Юджи Финни бұл туралы білмеген және егер дер кезінде ауру анықталмағанда, ол ұзақ өмір сүрмейтін еді.

Ауру анықталған бетте дәрігерлер оған операция жасап, ісікті алып тастайды. Ал Юджин өмірін сақтап қалған дәрігерлер мен акулаға риза.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel