RU
Туған күніне жезөкше шақырған бозбала сан соғып қалды
Жаңалықтар Әлемде

Туған күніне жезөкше шақырған бозбала сан соғып қалды

Рассказать Вконтакте

Кемерово облысының 17 жастағы тұрғыны туған күнінен жезөкше шақырған. Алайда ол алаяқтықтың құрбаны болды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: АиФ Камчатка

Фото: АиФ Камчатка

Бозбала туған күніне дейін танысу парақшаларында бір қызбен сөйлескен. Сол уақытты пайдаланған жігіт өз қалауын айтса, бойжеткен қызметі үшін 8 мың рубль сұрапты.

Өз дегеніне қол жеткізбек болған Кемерово тұрғыны аталмыш соманы оның шотына дереу аударып жібереді.

Осыдан кейін қыз оның қоңырауларына жауап бермей, хаттарын оқымай қойған.

Бозбала бұл оқиғаны анасына айтып берген. Ал анасы дереу құқық қорғау орындарына шағымданған екен.

Қазір ол қызға алаяқтық бойынша айып тағылған. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
3
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір