RU

Атырауда аяғы тайып кеткен балақай ажал құшты

Атырауда 10 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды Atr.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: amur.info
Көрнекі фото: amur.info: UGC

Облыстық ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 сәуір күні Ширина поселькесі, Бекмағамбетов көшесіндегі "Жайық" өзенінің бойында болған.

Өзеннің бойында орналасқан пирста ойнап жүрген кезінде бала абайсыздықтан аяғы тайып, суға батып кеткен.

Балақайдың өлі денесін тұрғындардың өз күштерімен судан шығарылып полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730183-atyrauda-aagy-tajyp-ketken-balakaj-azal-ksty.html