RU

БҚО-да 34 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Батыс Қазақстан облысында 18 сәуір күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған тұрғынға іздеу салынды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дамир Сатыбалдиев
Дамир Сатыбалдиев: UGC

Жоғалған Дамир Сатыбалдиевтің бойы 165-170 см, арықша келген, шашы қысқа, қара. Үстінде сұр түсті күрте киіп шыққан. Сұр трико мен қоңыр түсті сүйретпе болуы мүмкін.

Көрген-білгендер болса, БҚО ішкі істер департаменті, 8(7112) 51-04-50, 92-10-26 немесе 102 нөміріне, сондай-ақ Жалпақтал полиция бөлімі кезекшісіне 8(71138)21-150, 21-490 нөміріне хабарласуы сұралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730187-bko-da-34-zastagy-er-adam-iz-tzsiz-zogalyp-ketti-foto.html