RU

Оралда "Джулия" ескерткішімен сүйіскен жігіт елдің қызу талқысына түсті (фото)

Өмірден мезгілсіз кеткен Батырхан Шүкеновтің құрметіне қойылған "Джулия" ескерткішін құшағына алып, ерніне жабысқан жігіт желі қолданушыларының қызу талқысына түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Орал ескерткіш. Фото: NUR.KZ
Орал ескерткіш. Фото: NUR.KZ: UGC

2017 жылы орнатылған ескерткішке есі кете жабысқан жігіттің суреті әлеуметтік желіде әлі талқылануда.

Оқырмандар "Көктем әсер етіп жүр-ау", "Мүмкін достарымен бәсекелескен болар", "Басқа тірлік таппай қалған-ау" деп жарыса жазды.

Айта кетейік, Шүкенов "Джулия" әнін алғаш рет Орал қаласында шырқаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730189-oralda-dzulia-eskertkisimen-sjisken-zigit-eldi-kyzu-talkysyna-tsti-foto.html