RU
Қызым бас тартты: Түнгі клубтарда түнеп жүрген азаматтың тағдыры елді жылатты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қызым бас тартты: Түнгі клубтарда түнеп жүрген азаматтың тағдыры елді жылатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Бүгінде түнгі клубтарда түнеп, мешіттердегі аспен күнін көріп жүрген 53 жастағы Ғибрат есімді азамат өзінің аянышты тағдыры туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Туған қызы бас тартты:Түнгі клубтарда түнеп жүрген азаматтың тағдыры елді жылатты (видео)

Фото: Кадрдан алынды

"Жетінші арнаның" "Өз ойым" бағдарламасына қатысқан ол өзінің аянышты өмірі туралы сөз қозғады.

Отасқан жары өзгемен көңіл қосқанын көрген ол мұндай арсыздыққа шыдамай, ажырасып кеткенін айтады. Өмірде жолы болмаған азамат бұдай кейін Ресейге кетіп, ол жақта мал бағып, күнін көрумен болады. Айтуынша, осылай жан бағып жүргенде оның мойнына біреудің қылмысы ілініп, ол тоғыз жылға сотталып кеткен.

Қазіргі таңда үйсіз-күйсіз қалған азамат елордадағы түнгі клубтар мен интернет клубтарға 600 теңге беріп түнеп жүр. Өмірдің түрлі сынынан өткен ол жалғыз қызына да хабарласып көрген.

Алайда 30 жастағы қызы одан бас тартып, үзілді-кесілді хабарласуына қарсы болған

"Тұрмыс құрған-құрмағанын білмеймін. Бірақ "әкетай хабарласпаңыз мүлдем" деді ғой. Өмірді көреді, барлығын өзі біледі ғой. Ресейдегі Томск университетін бітірген. Есімі - Феруза. Мен кеткенде алты жаста еді. Ол 23 жаста болғанда көрдім. Алайда ол мені есіне түсіре алмады. Қызым өзіңнің есіңді қайтесің, туған әкеңнің есіндесің. Тұрмысқа шығам десең, туған әкең батаңды береді деймін", - деді ол.

Ал бағдарламаған қатысқан нарколог маманның айтуынша, ол психологиялық соққылардың салдарынан ақыл-есіне зақым келген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
2
37
0
3
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір