RU
43 жылын түрмеде өткізген азамат бостандыққа шықты (фото)
Жаңалықтар Әлемде

43 жылын түрмеде өткізген азамат бостандыққа шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда түрмеде ең ұзақ уақыт отырған адамдардың бірі бостандыққа шықты. Азамат адам өлтіргені үшін 43 жыл жазасын өтеген деп хабарлайды Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: teh-fit.ru

Көрнекі фото: teh-fit.ru

63 жастағы Джон Массей түрмеге 26 жасында, 1975 жылы қамалған. Ол Лондондағы жергілікті мейрамханалардың бірінде күзетшіні атып өлтірген.

Азамат абақтыда жазасын өтеген 43 жыл ішінде бірнеше рет қашуға талпынған. 1994-1997 жылдар аралығында Испанияда жасырынса, 2012 жылы анасын соңғы рет көру үшін сыртқа жасырынып шыққан көрінеді.

Бүкіл Ұлыбритания бойынша Массейден ұзақ уақыт түрмеде отырған екі-ақ адам бар. Олар - бірнеше адамды өлтірген Роберт Модсли мен корольдіктегі ең атышулы қылмыскер Чарльз Бронсон.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір