RU
Инкассатордан шашылып қалған ақшаға халық таласып қалды
Жаңалықтар Әлемде

Инкассатордан шашылып қалған ақшаға халық таласып қалды

Рассказать Вконтакте

Американың Индиана штаты, Индианаполис қаласында жүріп бара жатқан инкассатор көлігінен ақша шашылып қалды. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Инкассатор көлігі I-70 магистралі бойымен жүріп бара жатқанда, оның есігі ашылып кетеді. Сонымен ішіндегі ақша салынған қапшықтар құлап қалыпты. Тас жолдың бойына түскен қапшық жыртылып, жолдың бойын ақша қаптаған екен.

Шашылып жатқан ақшаға жолдан өткен жүргізушілер қызығып, көліктерін тастай сала, доллар жинауға кіріскен.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер ақшаны қалтасы мен сөмкелеріне тықпалаған адамдар тобын көреді. Алайда олардың барлығы жиған-тергенін тәртіп сақшыларына қайтарып беруге мәжбүр болған. Ал кейбірі полиция келгенше ізін суытып үлгеріпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
1
1
19
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel