RU
25 мың доллар қажет: Ауыр дертке шалдыққан мұғалім өмірі үшін жанталасуда (видео)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

25 мың доллар қажет: Ауыр дертке шалдыққан мұғалім өмірі үшін жанталасуда (видео)

Рассказать Вконтакте

ОҚО Түркістан қаласының тұрғыны Нағима Көпбаева бауыр циррозы дертіне шалдыққан. Бір жарым жыл бойы аурумен арпалысқан әйел NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат жолдап, трансплантация үшін халықтан көмек сұрады.

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

Нағима Көпбаева бар өмірін бала оқытуға арнаған ұлағатты ұстаз. Ол жарынан айырылса да, кәмелетке толмаған жалғыз ұлын адал еңбекпен асырап келген.

Соңғы бір жарым жылда дәрігерлер қойған дигноз ұстаздың өмірін күрт өзгертіпті. "Бауыр циррозымен" қанша күрессе де, мамандар оны трансплантацияламаса, өмірін сақтап қалу қиын екенін айтқан.

"Маған дәрігерлер бауырын бөліп беретін донорды өзің тап деді. Ондай донор табылып та тұр. Бірақ 25 мың доллар көлемінде ақша сұрап отыр. Менде ондай ақша қайдан болсын? Бірақ өмір сүргім келеді", - деп жылады ол.

Айта кетейік, Нағима Көпбаеваның хзалі күн санап нашарлап барады екен. Қазірдің өзінде оны салмағы 48 келіге түскен.

Науқасқа көмектесемін дейтін жомарт жандар болса, 8 705 886 00 19 нөміріне хабарласа алады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
16
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір