RU
Үндістанда құмды дауылдан 125 адам тіл тартпай кетті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Үндістанда құмды дауылдан 125 адам тіл тартпай кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Үндістанда алапат құмды дауылдан қаза тапқандар саны 125 адамға жетті деп хабарлайды segodnya.ua порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үндістандағы құмды дауыл 125 адамның өмірін жалмады (видео)

Үндістандағы құмды дауыл 125 адамның өмірін жалмады (видео)

Табиғат апаты Уттар-Прадеш, Раджастан, Пенджаб штаттарын басып қалған.

Хабар24-тің хабарлауынша, апаттан тағы 130 кісі жарақат алды. Опат болғандардың көбі Уттар-Прадеш штатының тұрғындары. Әйгілі Тадж-Махал кесенесі орналасқан Агра қаласының өзінде 43 адам көз жұмған.

Табиғат апатынан Радажстан аймағындағы Алвар, Дхол-пур, Бхаратпур аудандары көп зардап шекті. Сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соққан дүлей жел талдарды тамырымен жұлып, электр бағаналарын құлатып, үйлердің шатырларын ұшырған. Осының салдарынан кей аудандар электр жарығынсыз қалды.

Табиғат апатына байланысты Премьер-министр Нарендра Моди қаза тапқандардың туғандарына көңіл айтып, олардың отбасыларына 400 мың рупий көлемінде ақшалай көмек берілетінін жеткізді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір