RU
Бішкек тұрғыны өзгенің аты-жөнін пайдаланып, оның қалыңдығына үйленіп алды
Жаңалықтар Әлемде

Бішкек тұрғыны өзгенің аты-жөнін пайдаланып, оның қалыңдығына үйленіп алды

Рассказать Вконтакте

Бішкек тұрғыны өзін күйеу жігіт ретінде таныстырып, біреудің қалыңдығына үйленіп алған. Өзгенің аты-жөні мен бет-әлпетінің ұқсастығын пайдаланған жігіт бес жылға сотталып кетті деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бішкекте өзінің күйеу жігіт екеніне сендірген азамат біреудің қалыңдығына үйленіп алды

Көрнекі фото: Вектор Ньюз

Әсем мен Бақтиярдың оқиғасы бірнеше жыл бұрын басталған еді. Олар бастапқыда некені тіркемей-ақ бірге тұруды жөн көрген. Екеуі пәтер жалдап, Бақтияр құрылысқа жұмысқа тұрды.

Алайда жұмыста жүріп, Бақтиярдың үстіне ауыр зат құлап, ол жарақаттармен ауруханадан бір-ақ шыққан. Оның бас миы зақымданып, бас-сүйегі сынып кеткен.

Алайда, бір қызығы, ол ауруханада жатқан кезде, оның АХАЖ бөліміне барып, некесін тіркеткені белгілі болған. Кейіннен белгілі болғандай оның орнына Таир есімді жігіт Әсемге үйленіп алған.

Демек, Әсем Бақтиярдың ауруханада жатқанын пайдаланып, оның орнына өзгені апарып, Бақтиярдың заңды әйелі ретінде тіркелген.

Бірінші инстанция соты Таирды бес жылға бас бостандығынан шартты түрде айырылған. Сонымен бірге, сүйіктісінің атымен өзгені АХАЖ-ға апарып, алаяқтық жасаған Әсемге де бес жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
5
2
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel