RU
Мексикада соңғы жарты жыл ішінде бесінші әкімді өлтіріп кетті
Жаңалықтар Әлемде

Мексикада соңғы жарты жыл ішінде бесінші әкімді өлтіріп кетті

Рассказать Вконтакте

Мексикада белгісіз біреулер Пакула қалашығының әкімін атып өлтіріп кетті. Алехандро Гонсалес Рамос жол бойында жатқан адамға жәрдем көрсетпек болып тоқтағанда, зардап шегуші кейпіне енген адам тапаншасын шығара сала шенеуікке оқ жаудырған. Биліктің айтуынша, бұл соңғы жарты жылда Мексика аумағында өлтірілген бесінші әкім болды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

3 мамыр күні Идальго штатына қарасты Пакула қаласының әкімі жақын маңдағы елді-мекенге қарай беттеп бара жатқанда жол апатына ұшыраған мотоциклді көріп қалған. Ол бірден жерде қозғалыссыз жатқан жүргізушіге алғашқы көмек көрсетуге жөнелді.

Алайда оның қасына жақындай бергенде зардап шегуші кейпіне енген адам Алехандро Гонсалеске үш мәрте оқ атқан.Мексикалық шенеуік оқиға орынанда мерт болды.

Оқиғадан кейін тәртіп сақшылары қылмыскерді іздестіру шараларын бастағанымен, әлі де нәтиже жоқ. Әкімді атып кеткен ер азамат із-түзсіз жоқ болып кетті.

Мексика аумағында соңғы жарты жылда болған өлімнің көрсеткіші күрт өсіп кеткен. Билік өкілдерінің айтуынша, Алехандро Гонсалес осымен өлтірілген бесінші әкім болды.

Оған дейін төрт қала әкімдері де дәл осындай ұқсас жағдайда атып өлтірілгені белгілі болды.

France Presse агенттігі жүргізген зерттеу нәтижесінде, Мексикада соңғы 20 жылда тіркелген өлім санының ең үлкен көрсеткіші 2018 жылдың басында тұспа-тұс келген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір