RU
Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде тұңғыш рет жас ақын-жазушылардың Кеңесін құрды
Жаңалықтар Қоғам

Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде тұңғыш рет жас ақын-жазушылардың Кеңесін құрды

Рассказать Вконтакте

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізде тұңғыш рет жас ақын-жазушылардың кеңесі құрылды. Аталған кеңес ұлт әдебиеті мен ақындық өнерді кеңінен насихаттауға арналған. Мұндай ұйым елімізде бұрын-соңды болмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: Sputnik

Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: Sputnik

Жастар кеңесі – өнер және әдебиет саласында әдістемелік-сараптамалық жұмысты жүзеге асыру үшін құрылған консультативтік-кеңестік орган болып табылады.

Кеңестің негізгі міндеттері: жастарға қатысты кешенді әдебиет және өнер салаларының басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру; жеке және заңды тұлғалармен, шығармашылық одақтар, ассоциациалар және тағы басқа қоғамдық маңызы ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жүргізу және т.б.

Қазақстан Жазушылар одағының бас хатшысы Ұлықбек Есдәулеттің айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлының мұрындық болуымен құрылған Жастар кеңесі қаламгерлер мен оқырмандар арасында алтын көпір болып, жас ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау керек.

Ал жазушы, «Шабыт» халықаралық фестивалінің жеңімпазы Мақсат Мәліковтің пікірінше, еліміздегі ақын-жазушыларға қолдау көрсететін мұндай ұйым қаламгерлерге өте қажет.

Кеңес құрамына республикалық және халықаралық байқауларда жеңімпаз атанған ақын-жазушылар кірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel