RU
Алты миллион айлық алатын қазақстандық әйел туралы не білеміз? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алты миллион айлық алатын қазақстандық әйел туралы не білеміз? (фото)

Рассказать Вконтакте

Қарағандылық журналист Ерлан Дженетов Теміртаудағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның кадр жөніндегі директоры Анна Адомның бір айда алатын жалақысының қанша екенін айтты. Айтуынша, оның бір айлық табысы алты миллион теңгеге тең екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Теміртаудағы айлығы алты миллион теңгеге тең тұрғын

Анна Адом. Фото: ok.ru

Бұл туралы "Вечерняя Караганда" газетінің бас редакторы Ерлан Дженетов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

"Менің теміртаулық әріптестерімнің хабарлауынша, "Арселор Миттал Теміртаудың" кадр жөніндегі директоры Анна Адамның жалақысы айына 6 000 000 теңгеге тең екен. Алты миллион. Қызғанып отырсың демеңдерші. Иә, қызғанып отырмын. Сонда өз еліміздің азаматтары ішінен бұл жұмысты дұрыс атқара алатындар жоқ па деймін. Сол үшін шетелден маман тартқан болып отыр ғой?", - деп таңданды ол.

Теміртаудағы айлығы алты миллион теңгеге тең тұрғын

Анна Адом. Фото: ok.ru

Еске салсақ, Анна Адом 2017 жылы аталған компаниядағы қызметкерді жұмыстан заңсыз шығарды деп айыпталған еді. Ол жұмыс орнында үш сағат бойы жоқ болған Юрий Паламарды жұмыстан қуып, нәтижесінде сот оны заңсыз шешім шығарған деп айыптаған.

Юрий мен Аннаның арасындағы дауға әлі де нүкте қойылмай, қазіргі таңда ол өз қызметінен бір жылға аластатылған. "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Анна Адомды Украинадан арнайы шақырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
45
20
45
4
4
8
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel