RU
Ақышев "7-20-25" бағдарламасы бойынша кімдерге үй бұйыратынын айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Ақышев "7-20-25" бағдарламасы бойынша кімдерге үй бұйыратынын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "7-20-25" бағдарламасы аясында қалай үй алуға болатынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Үй. Көрнекі фото: kn.kz

Үй. Көрнекі фото: kn.kz

"Біріншіден, алғыңыз келетін үйді таңдау керек. Бағдарламада үйдің шекті бағасы көрсетіледі. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін үйдің шекті бағасы - 25 млн теңге", - дейді Ақышев сенат тыңдалымында.

Өзге аймақтар үшін үйдің шекті бағасы 15 млн теңге болмақ. Құжаттарды қазақстандықтар банктерге өткізуі тиіс. Ал бұған құзырлы банктер тізімін Ұлттық банк анықтайтын болады.

Қандай талаптар қойылатыны да әзірге талқылануда.

"Кредитті төлеуге мүмкіндік беретін табыс болуы керек", - дейді Ақышев.

Банк төрағасы бағдарламаға қатысушының үйі болмауы керек деген талаптың әлі қарастырылып жатқанын алға тартты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
3
1
0
3
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір