RU
Ғалымдар саунада шомылудың денсаулыққа тигізер орасан зор пайдасын атады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар саунада шомылудың денсаулыққа тигізер орасан зор пайдасын атады

Рассказать Вконтакте

Финляндия ғалымдары саунаға түсудің адам денсаулығына әкелер пайдасын барлық қырынан қарастырған. Олардың зерттеу жұмыстары саунада неғұрлым көп шомылу ауыр дерттерге шалдығу қауіпін екі есе азайтады деген нәтиже берді деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: sauna.ru

Фото: sauna.ru

15 жылға созылған зерттеу жұмыстарына Оңтүстік Финляндияның 1628 тұрғыны қатысты. Ғалымдар 53 пен 74 жас аралығындағы адамдарды жіті бақылауда ұстаған.

Мамандар жергілікті тұрғындарды саунаға түсу жиілігіне қарай үш топқа бөліп тастады:

1. Саунаға аптасына бір рет қана баратындар;
2. Екі және үш мәрте шомылып тұратындар;
3. Аптасына ыстық саунаға төрт мәртеден көп түсетіндер.

Ғылыми зерттеу бойынша екінші және үшінші топ өкілдерінің инсультқа шалдығу қаупі бірінші топтағы адамдармен салыстырғанда анағұрлым төмен болатыны анықталды.

Олардың қауіпті дертке шалдығу көрсеткіштері саунаға аптасына бір-ақ рет баратын адамдардікінен 14 және 61 пайызға аз болып шықты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір