RU
Америкада аборт жасатуға заңмен тыйым салынады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Америкада аборт жасатуға заңмен тыйым салынады

Рассказать Вконтакте

Америкада жүкті әйелдер іштегі баланың жүрегі соға бастаса, жасанды түсік жасата алмайды. Елді дүрліктірген жаңа заң жобасы бойынша, аборт жасатқысы келетін әйел алдымен УДЗ-ге түсіп, ұрықтың әлі дамымағанына көз жеткізуі керек. Бұл тауралы НТВ арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: ymadam.net

Көрнекі фото: ymadam.net

Аталмыш заң жобасы Америкада әлі қаралып жатыр. Республикалық партия өкілдері оның қабылданғанын құптап отыр. Енді штат губернаторы құжатқа қол қойса, ол заңды күшіне енбек.

Жаңа заң жобасына сәйкес, жүктілігін тоқтатқысы келген әйел УДЗ-ге түсуге міндеттеледі. Онда ұрықтың жүрегі соғып бастағаны анықталса, әйел аборт жасата алмайды. Яғни 5-6 апталық баланы алдырып тастауға болмайды.

Алайда, әйел өзіне көрсетілген зорлық нәтижесінде жүкті болса немесе босану оның өміріне қауіп төндірсе жасанды түсік жасатуға рұқсат беріледі екен.

Халық бұл заңды АҚШ-тағы ең қатыгез заң деп, қарсылық танытып отыр. Себебі әйелдер көп жағдайда өзінің жүктілігін кеш біліп жатады екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір