RU
Із-түзсіз кеткен астаналық қыз жайлы хабар берген адамға млн теңге сыйақы берілмекші
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Із-түзсіз кеткен астаналық қыз жайлы хабар берген адамға млн теңге сыйақы берілмекші

Рассказать Вконтакте

Астана қаласында жоғалып кеткен 18 жастағы Нәзима Вохоббойеваға туыстары іздеу салғалы үш апта уақыт өтті. Алайда бойжеткенді көрдім-білдім деген жан табылмады. Енді Нәзиманың жақындары қыздары жайлы ақпарат берген адамға миллион теңге сыйақы тағайындап отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Нәзима. Фото: Facebook

Нәзима. Фото: Facebook

Бойжеткен 18 сәуір күні түскі 15:30-дар шамасында дүкенге кетіп, қайта оралмаған.

Оның жақындары Нәзиманың хабарын берген адам жайлы құзырлы орындарға жақ ашпауға уәде беріп отыр. Оларға қызы үйіне аман оралса болғаны.

Айта кетейік, бойжеткеннің бойы 170 шамасында. Арық келген, бұрымды қыз.

"Бәріңізден өтінеміз. Қызымызды көрген-білген жандар болса, 8 778 001 60 83; 8 777 867 21 21 нөмерлеріне хабарласыңыздар", - деді Нәзиманың ата-анасы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
3
6
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір