RU
Данияр Ақышев: Қазақша үйрену үшін аптасына үш рет сабақ алып жүрмін
Жаңалықтар Қоғам

Данияр Ақышев: Қазақша үйрену үшін аптасына үш рет сабақ алып жүрмін

Рассказать Вконтакте

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев аптасына үш рет қазақ тілін үйреніп жүргенін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Данияр Ақышев. Фото: Kursiv.kz

Данияр Ақышев. Фото: Kursiv.kz

Сенаттағы парламенттік тыңдалым аяқталғаннан кейін қазақтілді журналист Данияр Ақышевтен қазақ тілінде сұқбат беруін сұрайды.

Ақышев ауыр терминдер аралас сөздермен күрделі мәселелерге жауап қайтарғандықтан, барлық сұрақтарға орыс тілінде жауап беруге тура келгенін алға тартты.

Дегенмен ол аптасына үш рет қазақ тілін үйреніп жүргеніне және алдағы уақытта қазақ тілінде сұрақтарға жауап беруге әзір болатынына сендірді.

"Болашақта сізге (қазақ тілінде - редакция ескертпесі) жауап бере алатын боламын", - дейді Ақышев.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel