RU

Аюмен селфи жасағысы келген азамат жыртқышқа жем болды (видео)

Үндістанда такси жүргізушісі аюмен суретке түспек болып, жыртқышқа жем болды. Ол көше бойында тұрған жаралы аңды көріп, жанында селфи жасамақ болған деп хабарлайды Lenta.RU сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Прабху Бхатара қайғылы оқиға болған күні Орисса штатында қонақтарды үйлену тойынан алып қайтқан көрінеді. Сол жолда кенеттен жаралы аңды көріп қалып, онымен суретке түсу үшін көлігінен түскен. Аңның жанына жақындай бергенде аю оған тап беріп, өзіне жемтік етеді.

Куәгерлер жыртқыштан қорқып, Прабхуды құтқара алмаған екен. Олардың ішінде біреуі аюға ауыр зат лақтырып, оның назарын аударғысы келеді. Бірақ құтқарушының бұл әрекеті одан сайын аңның ашуын келтірген.

Оқиға орнына орманшылар келіп жеткенше такси жүргізушісі қайтыс болып кеткен.

Айта кету керек, Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка, Бангладеш, Непал мен Бутанда бойы 90 сантиметрден асатын аюлар өте жиі кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730280-aumen-selfi-zasagysy-kelgen-azamat-zyrtkyska-zem-boldy-video.html