RU

Оралда патриоттық шеруге қатысқан оқушылар естерінен танып, құлап қалды (фото)

Оралдағы Петр Атоян атындағы стадионда патриоттық марш-шеруге қатысқан оқушылар іс-шара басталған сәтте естерінен танып, емханадан бір-ақ шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқушыларға көмек көсрету сәті. Фото: NUR.KZ
Оқушыларға көмек көсрету сәті. Фото: NUR.KZ: UGC
"Көз алдым қарауытып кетті. Құлап қалдым. Есімді жинасам, айналамда дәрігерлер. Әлі де басым ауырып отыр", - дейді зардап шеккен оқушылардың бірі.
Оқушыларға көмек көсрету сәті. Фото: NUR.KZ
Оқушыларға көмек көсрету сәті. Фото: NUR.KZ: UGC

Оқушыларды стадион трибунасының астына алып кетіп, алғашқы көмек көрсеткен. Барлығы сегіз оқушы емханаға жеткізіліп, оларлың бірі жабық бас-ми жарақатын алды.

Оқушыларға көмек көсрету сәті. Фото: NUR.KZ
Оқушыларға көмек көсрету сәті. Фото: NUR.KZ: UGC

"Жеті оқушыға "қатты шаршаған" деген диагноз қойса, бірінің миы шайқалған", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілі Айнагүл Сақпусунова.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730281-oralda-patriottyk-seruge-katyskan-okusylar-esterinen-tanyp-klap-kaldy-foto.html