RU
Қостанай облысында жас жігіттер қорғансыз кейуананы ақша үшін балғалап өлтірді
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында жас жігіттер қорғансыз кейуананы ақша үшін балғалап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысы Рудный қаласында жас жігіттер жантүршігрелік қылмысқа барды. Олар ақша үшін қорғансыз кейуананы балғалап өлтірген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Балға. Көрнекі фото: NewsRoom

Балға. Көрнекі фото: NewsRoom

Іс материалдарына сәйкес, 24 жастағы Степан Жданов 17 жастағы Александр Анфилофьевпен бірігіп, кейуанаға қарақшылық шабуыл жасайды.

Олар ішімдікке сылқия тойып алып, кейуананың пәтеріне баса көктеп кірген. Зейнеткерге пышақ тақап, ақша талап еткен Жданов оны өлтіріп тастауды ұйғарады.

Кеуде тұсынан жеті рет пышақ соққысын алған кейуана тағы жеті рет балғамен басынан ұрғаннан кейін тіл тартпай кеткен.

Пәтерден көк тиын таппаған азамат сыбайласымен бірге үйдегі теледидарды көтеріп кетеді.

Ждановтың бұған дейін де шағын ұрлықтарға қатысы болғаны анықталды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір