RU
Қарағандыда адам тасып жүрген "таксист" полицей қызу талқыға түсті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда адам тасып жүрген "таксист" полицей қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда қызметтік көлігіне жолаушыларды отырғызып жатқан жол-көлік полиция патрулінің видеосы желіде тарап кетті. Бұл видео жүргізушілердің құқығын қорғайтын "ОСА" қоғамдық ұйымының Facebook желісіндегі тобында жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видео WhatsApp желісінде де тез таралып, елдің қызу талқысына түскен.

Осыған қатысты Қарағанды облысы ІІМ баспасөз қызметі түсінік берді.

"Жол полициясы қызметкерлері қалалық жолаушы тасымалдау автобусы сирек жүретін "Рабочий" ауылы бағытына бара жатып, күннің салқындығына байланысты егде жастағы және жас балалары бар жолаушыларды өз көліктеріне мінгізген екен. Осы сәтті әлдебір жүргізуші видеоға түсіріп алған", - делінген хабарламада.

Мәселенің ақ-қарасы анықталған соң "ОСА" ҚҰ жетекшісі Руслан Лазута Facebook желісіндегі тобына болған жайдың мән-жайын түсіндіріп, жазба қалдыруды жөн көріпті.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір