RU
Астаналық студенттер жалған IELTS дауына қатысты жанайқайын жеткізді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық студенттер жалған IELTS дауына қатысты жанайқайын жеткізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Астанада Медициналық университеттің студенттері ағылшын тілінің IELTS сертификатын жалған жасатып алған деген күдікпен оқудан шығарылып жатыр. Бұл жайтқа қатысты өзге де студенттер жанайқайын жеткізіп, Ләйлә Сұлтанқызына видео-сәлемдеме жолдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқудан шығарылған медицина университетінің студенттері. Видеодан скриншот

Оқудан шығарылған медицина университетінің студенттері. Видеодан скриншот

"Құрметтi қазақстандықтар жəне Лəйлə Сұлтанқызы, сiздiң жолдаған видео-сəлемдемеңізге жауап ретiнде айтарым:

Медицина университетiнiң студенттерi 1-курсынан бастап таң атқаннан қара кешке дейiн бас алмай кiтап оқып, қаланың мына басынан ана басына дейін сандалып, ɵз iсiнiң нағыз маманы болу жолында тынбай еңбектенедi.

Басқа студенттер екi мезгiл ауысыммен оқыса, бiздiң студенттер екі аусымды да қосып оқиды. Түнгi ұйқысын аурухана қабырғасында кезекшiлiкпен ɵткiзедi.

Біздің жанымызды қынжылтып тұрған бір ғана нəрсе бар. Ол - бұқаралық ақпарат құралдардарының қалың елді дүрліктірген АЙЛТС оқиғасын - болашақ дəрігерлердің біліксіздігінің дəлелі деп танытуы, медициналық бiлiктiлiктi анықтайтын дипломымызға күмəн тудыруы болып тұр.

Сiздерге айтарым:

Егер медициналық бiлiктiлiктi IELTS анықтайтын болса, онда жер бетіндегі кез-келген ағылшындық дəрiгер болып кетер еді ғой.

Елбасымыз айтқандай, ағылшын тiлi бiзге тек əлемнiң соңғы жаңалықтарынан құлағдар болып отыру үшін ғана қажет.

Ал дəрiгерлiк бiлiмімізді қазақша кiтаптар арқылы да арттырып жүрмiз. Оған күмəн болмасын.

Сөз соңында айтарым, IELTS - халықаралық маңызды құжат. Мұндай құжатты заңсыз қолдан жасауға жол беріп отырған ұйымнан (British counsil) сұрақ-жауап алыңыздар", - дейді медицина университетінің студенті.

Бұл жайтқа қатысты Ләйлә Сұлтанқызы "кешегі "Өз ойым" бағдарламасын көргендер Абылайдың сәлемдемесін түсінеді" деген жауап қайтарды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
0
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір