RU

Минералды суды жүкті әйелдерге ішуге бола ма?

Nature ғылыми журналының ғалымдары фторлы суды ішу қалқанша безінің гормондарына кері әсер ететінін және жүкті әйелдерге зиян екенін айтуда. Мұндай су T3 және T4 гормондарының құбылуына әкеліп соқтырады екен. Бұл туралы NUR.KZ порталы ink.inforesist.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар фторлы суға әуестену гипертонияны, қалқанша безінің қатерлі індетін тудыратынын алға тартты.

Зертеушілердің сөзіне сенсек, фторлы суды шамадан тыс пайдалану, тіпті жүткі әйелдерді мерзімінен бұрын босанып қалуға немесе құрсағындағы баласынан айырылып қалуға дейін әкеліп соқтырады екен.

Ғалымдар оның орнына тазартылған су ішіп тұрған абзал деген пікірде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730303-mineraldy-sudy-zkti-jelderge-isuge-bola-ma.html