RU

Луинаның кешіне жұлдыздар қалай киініп барды? (фото)

Алматыда болып өткен су жаңа клиптің тұсаукесерінде Луина кілең жақын адамдарын жинады. Қаланың қақ ортасында дүркіреп өткен мерекелік шара жұлдызды қонақтарға лық толы болған. Әншінің жаңа туындысын алғаш болып көруге келген әріптестері кәсіби тұрғыда клипке оң бағасын берді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Hey Yo» әніне түсірілген бейнебаянды алғашқылардың бірі болып тамашалауға бірқатар қазақстандық шоу-бизнес өкілдері келген.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Жұлдызды қонақтар жайылған дастарханнан дәм тата отырып, Луина орындаудағы әсем әндерді тыңдады.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Аталмыш клипте бой көрсеткен Рано Умарова, Айдай Исаева мен Фарема Қазақбаева сынды арулар мерекелік кешке бірінші болып келгендер қатарында болды

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Луинаның су жаңа бейнебаянының шығуымен арнайы құттықтауға әншілік жолында жүрген бірқатар әріптестері де жиналды. Өзі жеке жасап шығарған туындысына ортақтасуға олар құр қол келмей, гүлшоқтарын да құшақтай келген.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Олардың арасында Айжан Нұрмағамбетова, Жан Мұқанов және Әділ Лиян сияқты отандық шоу-бизнестің сыйлы өкілдері болды.

Сиви Махмуди мен Шолпан Бейсенова да басқа әріптестерінен қалыспай Луинаны құттықтап қайтты.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев, Арыстан және Әйгерім Мырзагереевтер, сондай-ақ Диана Шарапова мен Роман Миронов сияқты жұлдызды жұптар құрбыларының қуанышына ортақтасып, салтанатты кеште өз жылы лебіздерін білдірді.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Ринголықтар атынан араларындағы жалғыз бойдақ Данияр Өтеген келсе, шоу-бизнестегі әйелдер қатарынан Әнел Әрінова, Мақпал Исабекова және Диная бой көрсетті.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Луинаның әріптестері оның жаңа бейнебаянына жақсы баға берді.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Бұл мерекелік шараны ұйымдастыруда әншінің достары қосқан үлесі ерен екенін айтты. Луина үшін маңызды кешке келген құрбылары оның жетістіктерін мақтан ететіндерін жеткізді.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730305-luinany-kesine-zldyzdar-kalaj-kiinip-bardy-foto.html