RU

Он жасар қызбен жыныстық қатынасқа түскен азамат ауыр жазадан құтылып кетті

Финляндияда көпқабатты үйдің ауласында он жасар қызбен жыныстық қатынасқа түскен 20 жастағы жігіт ауыр жазадан құтылып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы severpost.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зорлық. Көрнекі фото: Маладзечанская газета
Зорлық. Көрнекі фото: Маладзечанская газета: UGC

Сот он жасар қыздың еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскеніне ешқандай дәлел жоқ деп тапқан.

Алайда психолог-мамандар мен заңгер-сарапшылар он жасар қыздың өз еркімен жыныстық қатынасқа түсуі мүмкін екеніне сенбей отыр.

Сексуалдық зорлық жасау айыбынан құтылған 20 жастағы жігіт небәрі үш жылға бас бостандығынан айырылатын болды.

Бұл жайт көпшіліктің ашуын келтіріп, парламент депутаттары қылмыстық кодексте педофилдерге жазаны қатайтуды талап етуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730307-on-zasar-kyzben-zynystyk-katynaska-tsken-azamat-auyr-zazadan-ktylyp-ketti.html