RU
Ескі көлікті көзінің қарашығындай сақтаған қария немерелерін миллионер етті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Ескі көлікті көзінің қарашығындай сақтаған қария немерелерін миллионер етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда атасынан ескі гаражды мұраға алған жігіттер табан асты миллионерге айналды. Қария оның ішінде сирек кездесетін, қымбат көлікті сақтап келген екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

Қызықты оқиға Youtube желісінде жарияланған. Гарольд Кар есімді азамат 89 жасында Нью-Кассл қаласында өмірден өткен. Оның ескі көлікті гаражда сақтап жүргенін туыстары білген екен. Алайда онда нақты қандай көлік барына қызығушылық танытпапты.

Белгілі болғандай, гаражда тұрған көлік 1937 жылы шығарылған Bugatti Type 57SC Atalante екен. Бүгінде аталмыш көліктің құны шамамен 8,5 миллион доллар тұратын көрінеді. Себебі ол өте сирек кездесетін, әлем бойынша тек 48 данасы бар көлік маркасы болып шықты.

Сағатына 193 шақырымға дейін жүре алатын ерекше көлік бір кездері Дж. Керзон атты парламент мүшесіне тиесілі болған екен. Ол Bugatti-ді көп айдамай, жаңа күйінде сақтап сатқан.

Қарапайым дәрігер болса да көлікке қатты қызыққан Гарольд Кар оны иемденгеннен кейін көзінің қарашығындай қараған екен. Қария қайтыс болғаннан кейін оның туыстары Bugatti-ді аукцион арқылы 5 миллион долларға сатып жібереді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
3
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір