RU
Секс-жанжал кесірінен әдебиетшілерге Нобель сыйлығы берілмейтін болды
Жаңалықтар Әлемде

Секс-жанжал кесірінен әдебиетшілерге Нобель сыйлығы берілмейтін болды

Рассказать Вконтакте

Әлемдік жетістіктердің басты сыйлығы саналған Нобель биылғы жылы әдебиет саласына берілмейді. Оған швед академиясының беделді марапатты әдебиет саласына табыстауды 2019 жылға шегере тұру жөніндегі ұсынысы себеп болған. Нобель қоры швед әріптестерінің айтқанына құлақ асып, бұл салаға сыйлықты табыстауды келер жылға қалдырды деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Бұл туралы Нобель қорының ресми сайтында жазылған. Беделді марапатты шегерудің басты себебі швед академиясында орын алған секс-жанжал болды.

2017 жылдың қарашасында академия мүшесі Катарина Фростенсонның күйеуі өз шенін қолданып, бірталай әйелді жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені жайлы ақпарат танымал басылым беттерінде жарияланған болатын. Бұл мәліметтің шынайылығын Жан-Клод Арно тарапынан зорлық көрген 18 әйел бірден растаған.

Фотограф болып жұмыс істеген Арно азаматшаларды олардың қалауынсыз жыныстық қатынасқа итермелеген болып шықты.

Бұл оқиғадан кейін академия хатшысы қызметінде болған Сара Даниус әріптесінің күйеуін бұдан былай мекеме құрылымынан шығарып тастауды талап етіп, тіпті ішкі тергеу жұмыстарын ұйымдастрған. Алайда бұл әрекеттерінен кейін, керісінше хатшының өзі жұмыс орнынан айырылып қалды.

Сара Даниустың қызметтен шеттетілу әрекеттері әріптестері арасында наразылық тудырып, швед академиясында нағыз жанжал орнаған. Хатшы артынан академиядан өз еркімен 18 адам кетіп қалды.

Айта кетейік, швед академиясы әдебиет саласына табысталатын Нобель сыйлықтарын 1901 жылдан бастап үзбей алып келген. Мекеме құрамына елдің үздік жазушылары мен ғалымдары кіреді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір