RU
Мәскеуде қайтыс болған қазақ қызының мәйіті Астанаға жеткізіледі
Жаңалықтар Қоғам

Мәскеуде қайтыс болған қазақ қызының мәйіті Астанаға жеткізіледі

Рассказать Вконтакте

Мәскеу университетінің терезесінен құлағаннан кейін 3 мамырда тіл тартпай кеткен Томирис Байсафаның мәйіті 4 мамыр күні кешке Астанаға жеткізілетін болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Томирис Байсафа. Фото: әлеуметтік желіден алынды

Томирис Байсафа. Фото: әлеуметтік желіден алынды

"Консулдық қызметкерлері бүгінде емханада жүр. Олар мәйітті Астанаға жеткізу үшін барлық қажет шараларды қабылдауда. Қыздың мәйітін Астанаға бүгін кешке жеткізуі тиіс", - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске салсақ, 4 курс студенті Томирис Байсафа 13 сәуір күні Мәскеу университетінің төртінші қабатынан құлап кеткен болатын. Үшінші мамыр күні қазақ қызы емханада көз жұмды.

Ресей тергеушілері "өзіне қол салуға итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
1
3
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір