RU
Есімов дұрыс жұмыс атқармаған "Самұрық-Энерго" басшылығын жазалады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Есімов дұрыс жұмыс атқармаған "Самұрық-Энерго" басшылығын жазалады

Рассказать Вконтакте

"Самұрық-Қазына" қоры басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов жиын барысында "Самұрық-Энерго" басшылығын әкімшілік жазаға тартқанын мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

4 мамыр күні "Самұрық Қазына" қорына қарасты компания басшыларымен отырыс өткен. Отырыс барысында Ахметжан Есімов "Тау-кен-Самұрық" басқармасының төрағасы қызметіне Қанат Құдайбергеновтің тағайындалғанын мәлімдеді.

Ол бұл қызметте келісімшарт уақыты біткен Мәжит Тұрмағамбетовті ауыстырған. Одан бөлек Есімов жұмыста қателіктер жіберген "Самұрық-Энерго" басқармасы төрағасы Сатқалиевке сөгіс жариялады. Ол жылдық бонустарынан айырылған.

Ал аталмыш акционерлік қоғамның экономика және қаржы бойынша басқарушы директоры Мақсұтов жұмыстан шығарылды.

Есімов, сонымен қатар «KEGOC» қоғамының қаржы және есеп бойынша басқарушы директоры Ботабековті жазаға тартуды ұсынған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
3
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel