RU
Түрікменстан президенті қорғаныс министрін түн ортасында не үшін оятқан?
Жаңалықтар Әлемде

Түрікменстан президенті қорғаныс министрін түн ортасында не үшін оятқан?

Рассказать Вконтакте

Түрікменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов ұлттық әскердің соғысқа даярлығын аяқ асты тексермек болған. Қарулы Күштердің жоғарғы бас қолбасшысы ол үшін түн ортасында қорғаныс министрі Яйлым Бердиевке хабарласып, барлық әскери бөлімшелерге соғыс жағдайындағы өз шептеріне дереу орналасуын талап еткен деп хабарлайды turkmenistan.gov.tm-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: turkmenistan.gov.tm

Фото: turkmenistan.gov.tm

Таң ата оқыту-жаттығу полигондарының біріне келіп жеткен ел басшысы қорғаныс министрімен кездескен.

Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов арнайы мамандындырылған әскери-әуе техникасын өзі қарап шығып, оның қуаттылығын квадроциклмен жүріп өтіп тексерді.

Әскери қызметкерлер ел басшысына әуе-көліктік құрылғылардың сипаттамасынан бөлек, олардың іс жүзінде не үшін қолданылатыны жөнінде толыққанды айтып берді.

Түркменстан президенті соғыс жағдайы болып қалғанда әскери техниканы жедел іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Оған қоса, ұлттық әскердің материалдық-техникалық құрылымына мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, оны одан бетер дамыту қолға алынатынын мәлімдеді.

Бұған дейін, Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтің қатысуымен өтетін әскери оқу-жаттығу шараларының видеолары желіге жүктелген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
2
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір