RU
Әбдірахымов: Қораны жатақханаға айналдырудың қажеті жоқ
Жаңалықтар Қоғам

Әбдірахымов: Қораны жатақханаға айналдырудың қажеті жоқ

Рассказать Вконтакте

"Нұр Отан" партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов студенттерге салынатын жаңа жатақханаларға қатысты өзекті мәселелерді талқыға алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы BNews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жатақхана. Көрнекі фото: KRONA.cz

Жатақхана. Көрнекі фото: KRONA.cz

Әбдірахымов жатақханаларды кім салатынын және жердің бөлінген-бөлінбегенін сұрады.

"Жатақханаларды кім салатыны белгілі болды ма - министрліктер, ректорлар, әкімдер? Біз сіздерге хат жаздық, алайда әлі де жауап жоқ.

Түрлі ұсыныстар бар: Хостелдерді, түрлі үйлерді жатақханаға айналдыру және тағысын тағылар. Бұл мәселеге қатысты сіздер не ойлайсыздар? Қайдағы бір қораны ертең жатақханаға айналдырғанын қаламаймын. Тек есеп үшін 50 бөлме бар деп жазып отырмасын", - дейді Әбдірахымов.

Вице-министр Аймағамбетов бірнеше ұсыныс қарастырылып жатқанын алға тартты.

"Хостелдер бойынша расымен көп ұсыныстар келіп түсуде. Алайда біз жаңа орын, жаңа жатақханалар керек деп санаймыз. Бұл тұрғыдан сізбен келісеміз. Механизмі ойластырылған. Біз оны ректорлармен, банктермен және инвесторлармен талқыладық. Бізде инвесторлар мен жатақхананы өздері салғысы келетін жоғары оқу орындары бар", - дейді ол.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір