RU
Күніне бес рет жыныстық қатынасқа түскенді аздық ететін әйел мұңын шақты
Жаңалықтар Калейдоскоп
BBC Русская Служба

Күніне бес рет жыныстық қатынасқа түскенді аздық ететін әйел мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Ребекка Баркер есімді әйел күніне бес рет төсек қатынасына түсудің өзін аздық ететінін айтып, мұңын шақты. Дәрігер мамандар бұл жағдайды дертке санап, келіншекке емделуді ұсынуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Русская служба Би-би-сиге" сілтеме жасап хабарлайды.

Ребекка. Фото: ВВС

Ребекка. Фото: ВВС

"Қатты қиналған күндері, тіпті күніне бес рет жыныстық қатынасқа түсуді аздық ететінмін. Таңертең тұра сала төсек қатынасын қалаймын. Айналамдағының бәрі соны еске салып тұратындай көрінетін. Меніңше бұған күйзеліске түсуім және серотониннің жетіспеушілігі себеп болды", - дейді 37 жастағы үш баланың анасы Ребекка Баркер.

Ребекка жыныстық қатынасты үздіксіз қалаудың кесірінен, тіпті ел қатарлы тіршілік етудің өзі ауырға соққанын жасырмайды. Азаматтық некедегі күйеуі Ребекканы бұл құштарлығы үшін тастап кетіпті.

Ребекка. Фото: ВВС

Ребекка. Фото: ВВС

Үш баланың анасы жиі жыныстық қатынасқа түсу әдетінен арылу үшін тіпті жұмысын ауыстырып, Францияға көшіп кеткен.

Британиялық мамандар сексуалдық тәуелділіктен емдеуді Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында қолға алу керектігін айтуда.

Дәрігерлер мұндай адамдар анонмиді топтарға қосылып, писхолог көмегімен жазыла алатынын алға тартты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
7
6
1
1
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel