RU
Қазақстанда есек етінен тағам дайындайтын орындар бар ма?
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда есек етінен тағам дайындайтын орындар бар ма?

Рассказать Вконтакте

Биыл Денсаулық сақтау министрлігіне көшеде сатылатын самсалардың сапасына қатысты шағымдар түспеген. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстанда есек етінен тағам дайындайтын орындар бар ма?

Қазақстанда есек етінен тағам дайындайтын орындар бар ма?

«Қолданыстағы санитарлық қағидалардың талаптарына сәйкес, ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтпеген, таңбасы жоқ ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрінің еті мен қосымша өнімдерін қоғамдық тамақтану орындарына қабылдауға және пайдалануға жол берілмейді. Сондықтан 2017 жылы және 2018 жылдың бірінші тоқсанында тексерумен қамтылған қоғамдық тамақтану нысандарында және өндірістерде есек немесе ит еттерінің пайдаланылуы анықталған жоқ», — деп атап өтілген комитеттің ресми жауабында.

Айта кетейік, бұған дейін Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин көшеде сатылып жүрген бәліштер мен самсалардың құрамы жайында мәселеге түсінік берген болатын.

Осы мәселеге қатысты шағымдар өте аз екеніне тоқталған ол көбісі наразылықтарын айтқанымен, аталған өнімдердің сапасына қатысты ресми жүгінетіндер сирек кездесетінін жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір