RU
Алматыда иесі әжетханаға кеткенде көлік ұрлаған жігіттер апатқа ұшырады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда иесі әжетханаға кеткенде көлік ұрлаған жігіттер апатқа ұшырады

Рассказать Вконтакте

Алматыда ТҚКС жұмысшылары Lexus көлігін айдап әкетіп, ірі жол апатын ұйымдастырған деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Lexus иесі әжетханаға шығып кеткенде

Бастапқы деректерге сүйенсек, Lexus RX300 иесі әжетханаға шығып кеткенде, ТҚКС жұмысшылары көлікке отырып, айдап әкеткен.

Саин көшесі бойымен басқа көліктерден озып, бір жолақтан екінші жолаққа шұғыл ауысып келе жатқанда Төле би көшесіне жетпей рөлде отырған адам ВАЗ-2109 көлігінің алдын орап кеткен.

"ВАЗ жүргізушісі рөлді шұғыл солға бұрып, бордюрден асып кетті де, екі металл қоршауды қиратты. Кейін қарама-қарсы бағытта келе жатқан "ГАЗель" көлігімен бетпе-бет соқтығысты", — деп әңгімелейді оқиға куәгері.

Ал Lexus көлігі бұл кезде Саин көшесімен бір бағытта кетіп бара жатқан Toyota Mark II көлігін қағып кетіпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
5
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel