RU
Украиналық депутат жиналыс кезінде адамдарға тапаншадан оқ атқан
Жаңалықтар Әлемде

Украиналық депутат жиналыс кезінде адамдарға тапаншадан оқ атқан

Рассказать Вконтакте

Украинаның Днепропетровск облысы Никопольск қалалық кеңесінің депутаты отырыс кезінде оқ атқан деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне cілтеме жасаған NUR.KZ.

Украинда

Көрнекі фото

Басылымның хабарлауынша, қалалық кеңестің депутаттары күн тәртібін талқылап жатқан кезде трибунаға «Оң сектор»-дың өкілдері келіп, жанжал шығарған.

Куәгерлердің айтуынша, олар депутат Александр Рыбаковтың басына айран толтырылған пакет кигізіп, ал қала мэрі Андрей Фисакқа «зеленка» шашқан.

«Осы жағдайдан екі рет атыс дыбысы естілген. Куәгерлердің айтуынша, бірінші оқ төбеге, ал екіншісі активистерге қарай бағытталған», - деп жазады басылым.

NikopolNews порталының хабарлауынша, жиналыс залында оқ атқан депутат - Александр Рыбаков. Атыс салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Айта кетейік, Украина президенті Пётр Порошенко осы жылдың наурыз айында депутаттарға Жоғарғы Радаға, президент әкімшілігіне және министрлер кабинетіне қару әкелуге тыйым салған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір