RU

Астанада аударылған батуттың астында қалған балалар жансақтау бөлімінде жатыр

Астанадағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров батуттың астында қалған бес бала қазір ауруханада жатқанын мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқиғар орнынан түсірілген сурет: NUR.KZ
Оқиғар орнынан түсірілген сурет: NUR.KZ: UGC

"Олардың төртеуі бірнеше дене жарақаттарын алғандықтан, ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуінде бас сүйек-ми зақымдануының белгілері бар. Ал басқа екеуінің қаңқа сүйектеріне зақым келген", - дейді Надыров.

Оқиғар орнынан түсірілген сурет: NUR.KZ
Оқиғар орнынан түсірілген сурет: NUR.KZ: UGC

Оның айтуынша, тағы бір бала орта деңгейде жарақат алған.

Зардап шеккен балаларға толық тексеру жүргізілгеннен кейін олардың арасындағы бір қызға ота жасалады деп жоспарланып отыр.

Еске салсақ, Астанада 4 мамыр күні сағат 16:48-де қатты желдің әсерінен батут аударылып түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730380-astanada-audarylgan-batutty-astynda-kalgan-balalar-zansaktau-bliminde-zatyr.html