RU

Енді көлігіңізге тағатын нөмірді тегін таңдай аласыз

Қазақстанда көлік иелері осыған дейін жаңа нөмірді сәйкестік бойынша алып келсе, енді оны тегін таңдауына да мүмкіндік бар. Бар болғаны құжатты рәсімдеу үшін бүрынғыдай 10 мың теңге төлесе болғаны. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: 365info.kz
Көрнекі фото: 365info.kz: UGC

Автомобилін тіркеуге келген азамат мамандандарылыған халыққа қызмет көрсету орталығында бос жатқан кез-келген нөмірді, нақтырақ айтқанда саудаға түспейтін нөмірді және әріптік таңбаларды өзі таңдайды.

Жаңа ереже биылдан бастап жүзеге асады дейді әкімшілік полиция комитетіндегілер. Ал, "вип" нөмірлерге мұндай жеңілдік жоқ. Қазір жүргізушілер қарапайым нөмірлерді таңдай алмай, полицейлердің шығарып бергенін алып кететін еді.

Жалпы, былтыр 1 жарым миллиард теңгеге ВИП нөмір сатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730385-endi-kligiizge-tagatyn-nmirdi-tegin-tadaj-alasyz.html