RU

Атырауда балық аулауға барған жасөспірім суға батып қайтыс болды

2 мамыр күні Атырауда Жайық өзеніне балық аулауға шыққан жасөспірімжігіт суға батып қайтыс болды деп хабарлайды atpress.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: oboitut.com
Көрнекі фото: oboitut.com: UGC

Атырау облыстық Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға күндізгі 4-5 шамасында болған. Осыдан кейін 16 жастағы жігітті құтқарушылар қанша іздегенімен, еш нәтиже болмапты.

Жігіттің өлі денесін жергілікті тұрғындар 3 мамыр күні, таңғы 8:20-да тапқан. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730390-atyrauda-balyk-aulauga-bargan-zasspirim-suga-batyp-kajtys-boldy.html