RU

Үш әйелді өлтіріп, қыздарды зорлаған азамат сот алдында соңғы сөзін айтты

Үш әйелдің өліміне кінәлі деп айыпталған Замандин Палтуе сот алдында соңғы сөзін айтты деп хабарлайды ҚазИнформ агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан: UGC

Палтуевтің қорғаушысы Дінмұхаммед Нарымбетовтың айтуынша, айыпталушы өзінің ісіне қатты өкініп, марқұмдардың жақындарынан кешірім сұраған. Оған қоса сот алқасынан үйіне оралуға үміт беруін өтініпті.

Қылмыскердің туыстары сот отырысына қатыспады. Мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленуші тарап оны өмір бойы бас бостандығынан айыру керектігін айтты.

Еске салсақ, 2017 жылдың 7 желтоқсан күні Замандин Палтуев үш адамды өлтірген, зорлық-зомбылық көрсетіп, адамдардың мүлкін ұрлаған деген күдіктермен қамауға алынған болатын. Азамат барлық кінәсін мойындап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730392-s-jeldi-ltirip-kyzdardy-zorlagan-azamat-sot-aldynda-sogy-szin-ajtty.html