RU

Ауа райы: Бүгін еліміздің солтүстігінде қар жаууы ықтимал

5 мамыр күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болып жел күшейеді деп хабарлайды «Қазгидромет»-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласып, тіпті бұршақ жаууы да ықтимал. Ақмола, Қарағанды облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, желдің жыламдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында желдің екпіні секундына 23-28 метр болады, күндіз бірқатар аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстанның 5 облысында 5-6 мамыр күндері ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің хабарлауынша, сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында сотүстіктен секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін, сондай-ақ жауын, қар жаууы ықтимал деп жазады ҚазАқпарат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730403-aua-rajy-bgin-elimizdi-soltstiginde-kar-zauuy-yktimal.html